spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Краснояр селосында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен ойын алаңдары тұрғызылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасына сәйкес Краснояр селосында жаңадан балалар ойын алаңдары салынуда, – деп  хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Қала іргесінде орналасқан елдімекенде бұл мәселе жылдар бойы аса өзекті болған.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылып жатқан балалар ойын алаңдарына бюджет қоржынынан 69 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Қаражат «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша   Краснояр селолық округына облыстық бюджет есебінен  балалар ойын алаңдарын абаттандыру мақсатында бөлінді.   Жаңа алаңдарды салу және абаттандыру жұмыстарын «Таутас строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік ұйымы өз мойнына алды.   Қазіргі сәтте бір ойын алаңы пайдалануға берілді.  Тағы жеті ойын алаңдары салынып жатыр. Алты ойын алаңында монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сегізінші ойын алаңының құрылысы жаңа басталды, – дейді Краснояр селолық округы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Жүсіпбеков.

Ойын алаңдарын осы жылы пайдалануға беру жоспарланған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика