spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Егіндікөл ауданындағы білім беру нысандары «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» аясында жөнделуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Егіндікөл ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде 12 бірдей білім беру нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 

Жалпы , ауданда осы жылы  аталған мемлекеттік бағдарлама аясында 15 жобаны жүзеге асыру көзделген.

 

Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан 15 жобаның 12-сі білім беру нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталып отыр.  Мәселен, Егіндікөл ауданының №2 орта мектебінде ғана бағдарлама аясында 3 жоба жүзеге асуда. Білім ордасының шатырын жөндеуге 29,2 миллион теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 13,1 миллион теңге сомасына мектептің алдығы қасқабеті ауыстырылып, сондай-ақ 13,7 миллион теңге сомасына маңындағы аумақ толықтай жөндеуден өтпек.  Тек аталған жобалар аясында ғана жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды , – дейді аудан әкімі Ерлан Исабеков.

Ал, Егіндікөл ауданының №1 орта мектебі  әбден тозығы жеткен  электр желілері мен жабдықтарының бірнеше жылдар бойы зардабын тартып келген. Өрт қауіпсіздігі органдары да мектептің тозған электрмен жабдықтау жүйесін пайдалану айтып келмейтін оқыс жағдайларға әкелуі мүмкіндігін айтып, бірнеше рет ескерту де жасапты.

Мәселе биыл шешімін тапты. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 18,5 миллион теңге бөлініп, мектептің барлық электрмен жабдықтау және жарықтандыру жүйелері толықтай жөндеуден өтті.  Жобаны жүзеге асыруда 5 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды. – деді Ерлан Исабеков.

Аудандағы білім ордаларындағы бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалар аудан әкімімен тұрақты бақылауға алыныпты.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img