spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-24.8 C
Kokshetau

11 шілде күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 11 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды  «Aqmola News»   Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сенбіде ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, тек оңтүстік батыста және солтүстік батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл тұруы, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан, Алматы, Павлодар, күндіз Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында жел тұрып, шаңды дауылға ұласады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Түркістан облысының батысында аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Алматы облыстарының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция және жоғары білім: Көкшетауда болашақ бағыты талқыланды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика