spot_img
Сәрсенбі, Қыркүйек 3, 2025
13.2 C
Kokshetau

Өмірге үміт сыйла!

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет» қайырымдылық қоры коронавируспен ауырып жатқандарға қажетті жасанды винтелициялық өкпе аппараты мен қажетті дәрі-дәрмек сатып алу үшін қайырымды жандардан көмек қолын созуды сұрайды,-деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы Науан қазірет мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ассалаумағалейкум құрметті бауырлар!

Баршамызға белгілі, қазіргі таңда коронавирус індетін жұқтырушылар саны күрт өсіп, шарықтау шегіне жетіп отыр.
Мыңдаған отандастарымыз қорқынышты індетпен арпалысып, өмір мен өлім арасында жатыр.

Бүкіл әлем бойынша күн сайын COVID-19 індетімен емханаға келіп түсіп жатқан науқастардың санында шек жоқ.

Қатігез індет сәбиді де, жасты да, кәріні де аяп жатқан жоқ.

Елестетіп көріңізші…Дәл қазір Алланың бір пендесі, тынысы тарылып, қиналып кеудесін керіп дем алуын Алладан тілеп, жалбарынуда …

Сіз оған көмектесе аласыз!

Адам өкпесін жасанды жолмен демалдыру аппараттарын сатып алып, сіздің көмегіңіз арқылы бір адамның өмірін сақтап, өмірге деген құлшынысын арттырып, үміт сыйлай аласыз.

Осындай қиын кезеңде Еліміз, халқымыз үшін науқастанып жатқан жандардың өмірін сақтап қалу үшін көмек қолын созып сауапты іске ат салысуға шақырамыз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

2024 жылғы Жолдау: Президенттің ауыл шаруашылығы саласы бойынша тапсырмаларын жүзеге асыру

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айрықша көңіл бөлінді....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика