spot_img
Жексенбі, Тамыз 24, 2025
21.2 C
Kokshetau

Елордадағы жаңадан іске қосылған кәсіпорынның тәулігіне 180 мың дана бетперде шығаруға қауқары жетеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтан қаласында медициналық бетперделер шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды, деп хабарлайды «Aqmola News» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында медициналық бетперде шығарумен айналысатын «Bioniсk-Pro» өндіріс ошағы ашылды. Өнеркәсіптің ашылғанына небәрі екі апта болса да, осы күнге дейін 1 миллионнан астам бетперде шығарылған. Өндіріс орнының директоры Арон Қадыровтың айтуынша, өнеркәсіп тәулігіне 180 мың дана бетперде шығара алады. Қазіргі таңда сұранысқа сәйкес, тәулігіне 80 мыңнан 120 мыңға дейін медициналық бетперде өндірілуде. Олар қаланың дәріханалары мен емханаларына жеткізеді. «Бетперде өндірісі автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған екі станок арқылы жүргізіледі. Бірінші станок үш матаны біріктіріп, үтіктеп, үш рет бүктеп, жиектеріне тігіс салады. Келесі станокта бетперделер арнайы өлшеммен кесіліп, құлаққа тағатын резеңкесі желімделеді. Одан кейін мамандар бетперделерді тексеріп, санап, арнайы қаптамаларға 50 данадан салып отырады», – делінген министрлік ақпаратында.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика