spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Пайдалы кеңес: Аурудан сақтану мен емделу жолдары

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінде коронавирус індеті өршіп тұр.Ауырған жандар емделудің түрлі жолдарын қарастыруда. Кім кімге болмасын бір пайдасы тиіп қалар деген үмітпен «Aqmola News» Асылай Қадірқызының жинақтаған пайдалы кеңестерін ұсынады. 

Сонымен, қауіпті дерттен құтылудың бірнеше жолдарын қаперлеріңізге түйіп алыңыз:
1. Еліміз індеттен түгел арылғанша ауырған адамдармен жақын қарым-қатынаста (контакт) болмай, оқшаулану. Бетперде (маска) кию. Ғимараттарда, көшелерде 1,5 — 2 метр арақашықтық ұстау.
2. «Жан алып, жан берісетіндей» аса бір қажет болмаса, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға бармау. Жақын, таныстармен қол бермей амандасу. Мұның еш сөкеттігі жоқ. Жалпы, қазақтың ата салтында алыстан амандасқан, қос қолын беріп, құшақтасып көрісу жылына бір-ақ рет Наурыз мерекесі кезінде болған. Қандай даналық десеңізші! Аталарымыздың бұл әрекеттерінің қаншалықты керемет көрегендік екенін бізге мына індет көрсетіп берген жоқ па?
3. Сыртқа шығып келсеңіз қолыңызды кәдімгі кір сабынмен жақсылап жуып тұрыңыз. Кір сабынды саусағыңыздың ұшымен сумен ылғалдап езіп, алып мұрын қуысына жағасыз. Кір сабын жүрген жерге вирус жоламайды.
4. Тұтас сарымсақтың бір бөлігін ұсақтап, майдалап бөліп аузы жабылатын кішкене шыны ыдысқа саласыз. Соны мұрыныңызға, яғни, екі танауыңызға тақап, ішке кезек-кезек демін тартасыз. Бір салғанды 4-5 күн пайдалануға болады. Күніне жұмысқа барарда және кешке екі рет істесеңіз жарап жатыр. Жуа немесе сарымсақты, сыртқы қабығын аршып, кесіп тарелкаға салып ас бөлмеге қоясыз. Ол ауамен тарайтын вирустерді өлтіреді.
Сарымсақты тесігі бар кішкене құтыға салып, төс қалтаңызға алып жүрсеңіз де әбден болады.

Бұлар тәжірибеден әбден өткен әдістер. Мұны істесеңіз тұмаумен ауырмайтын боласыз.

5. Адыраспан тұтату. Бұл әдісті әжелеріміз есте жоқ, ескі замандардан бастап қолданған, жұқпалы аурулардың алдын алудағы ең тиімді әдіс. Адыраспанның ауадағы (бөлмедегі) зиянды микробтарды өлтіретін аса құдіретті емдік қасиеті бар. Дәріханаларда «балауыз» сияқты дайын нұсқалары да сатылады.
Киелі, әрі емдік қасиеті жоғары деп саналатын адыраспанды дәстүрлі ортада жұлардың алдында киесі ұрады деп алдын ала дәрет алып, ерте аттанып барып иіліп сәлем берген.
Адыраспанды тек ер адам ғана жинайды, қапқа салып жинап алып, кептіріп қояды. Ертеде әйел босана алмай қиналып жатқанда, зиянды күштерді адыраспанның түтінімен қуатын болған. Адырас-панмен баланың бесігін және сырқат адамды да аластайды. Тіл мен көз тигендерді емдегенде адыраспанды түтетіп, тұзды басынан айналдырып, отқа тастайды.
6. Ежелгі ата-бабаларымыз аурудың алдын алуда да, ауырған жандарды емдеуде шөп тамырларын, шөптің өзін және гүлдерін көптеп пайдаланған. Солардың ішіндегі ел арасында ең көп қолданылатыны «Түймедақ» (ромашка) екен. Себебі, оны кез-келген жұқпалы аурудың алдын алу үшін де, ауырған жағдайда да қолдануға әбден болады. Бір стақан суға бір-екі шай қасығы салынып, тұндырылып, сүзгіден өткізіп ішіледі. 7-10 күн қолданылса жарап жатыр. Жұқтырған қандай вирусыңыз болса да қағып алады. Бір өзі 600-ден астам жұқпалы вирустерге қарсы тұра алатын көрінеді.
7. Ұлы ата-бабаларымыздың жұқпалы індеттердің алдын алуда ең бір нәтижелі, бірден-бір тиімді және ең көп қолданған емі КҮМІСТІ кеңінен пайдалануы болған. Күмістің емдік қасиеті медицинада да толықтай дәлелденген. Ол бактерицидтік және антисептикалық қасиетке ие екен. Әрі қабынуға да қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсақ, табиғи бактерицидтік металл. Бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен.
Ендеше, бұл металды адам организміне қалай жеткізуге болады? деген сұраққа жауап іздесек, ас ішкенде, әсіресе, балаларға күміс қасық пайдалану, денеңізде күміс әшекейлердің (сақина, сырға, білезік, алқа, шолпы т.т.) болуы қажет.
Көктем мен күз айларында қайнатылған таза суды графинге құйып, ішіне күміс салып қоясыз да, үй ішімен сол суды пайдаланасыз. Мұндай отбасыларға тұмау, т.б. жұқпалы аурулардың ешқайсысы жоламайды.
8. Кішкене шәйнекке немесе ингализация жасау үшін шығарылған арнайы ыдысқа (дәріханаларда сатылады) ас содасын салып қайнатып, тамағыңызға ингализация жасайсыз. Кей елдердің дәрігерлері, ғалымдары «COVID-19»-дан осылай емделгендерін жазған.
9. Тағы бір айтарымыз, кішкене шәйнекке немесе ингализация жасау үшін шығарылған арнайы ыдысқа түймедақтың (ромашкінің) 1-2 шай қасығын салып қайнатып, тамағыңызға ингализация жасайсыз. Үйіңізде болса, үстіне қызыл майдың 10-15 тамшысын қосып жіберсеңіз тіпті жақсы.
10. Бір орыс ғалымының тәжірибесі бойынша Прополистің (базарларда бал сататындарда болады) кішкене ғана, бидайдай бөлігін ауыз қуысына салып сорасыз. Ағзаңызды тазалайды. Індет жұқпайды.
Егер біз осы айтылғандарды ескерсек, қауіпті індетті ауыздықтайтынымыз анық. Ауырмаңыздар. Бәріміз де біліп жүрейік!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img