spot_img
Сенбі, Қараша 22, 2025
-2.4 C
Kokshetau

Көкшетауда «Орталық базар» және «Армада» сауда үйлерінің жұмысы уақытша тоқтатылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін  орталық базар аумағында тексеріс жұмыстарын жүргізген  мониторингтік топ  «Орталық базар» және «Армада» сауда орындарында заң бұзушылықтар орын алғанын анықтады, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Сауда орындарына тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары, полиция және  қалалық әкімдік өкілдерінің қатысуымен рейд ұйымдастырылған.

Біз мониторингтік топ өкілдері «Орталық базар» және «Армада» сауда үйлерінде тексеріс жұмыстарын жүргізідік.  Рейд барысында Ақмола облысы бас санитар дәрігері  қаулысының өрескел бұзылғаны анықталды. Жоғарыда аталған сауда орындары карантин уақытында уақытша жұмысы тоқтатылады. Мұнда тұрмыстық-химиялық заттар, ойыншықтар,  киім-кешектер сатылып келген.  Кәсіпорындардың басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Егер аталған заң бұзушылықтар қайталанған жағдайда  заңға сәйкес шаралар қабылданатын болады, – дейді Көкшетау қаласының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бақылау басқармасының басшысы  Руслан Ысқақов.

Басқарма басшысының айтуынша, сауда үйлерінде тек азық-түлік және дәріхана жұмысына ғана рұқсат етілді.

Мониторингтік топтардың тексеріс жұмыстары одан әрі жалғасуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақ  халқының дәстүрлі  киімдері

Қазақтың ұлттық киімі – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз ерте заманнан түрлі әсем киім үлгілерін жасап, киіп келген. Осы киімдердің эстетикалық,этно-мәдени,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика