spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.3 C
Kokshetau

Шияп Әлиев: Жүргізілген шаралар нәтижелі боларына сенімдімін

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантин режимін қамтамасыз ету жөніндегі сөйлеген сөзімен таныса отырып, халқымыздың бірер қиыншылықтарды басынан өткеріп, дегенмен, бүгінгі күні індеттің таралуына жол бермей, денсаулық сақтау органдары, құқық қорғау органдарымен бірлесіп  жасаған шараларды ұстану уақыты келгені анық.
Бүгінгі күні карантин шараларын әлі де қолданып, жақындары мен туған-туысқандарының денсаулығы үшін сақтық шараларын бәсеңдетпеу – саналы қоғамдағы әр азаматтың ісі болуы тиіс.
Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде дағдарысқа қарсы екі топтамасы жүзеге асырылып жатқандығы бәрімізге мәлім. Аз уақыт ішінде аталған шаларалар нәтижелі болып, ел экономикасы да, халықтың әл-ауқатының күйі  де түзелетініне сенімдімін.
Бүгінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру арқылы азаматтық қоғам мен билік арасындағы талай сұрақтар шешімін тауып, оңтайлы жолдар пайдаланылып, түсіністік пен келісім көріністері пайда бола бастады. Әрине, атқарылатын істер әлі де баршылық.
Денсаулық саласының мамандарын қолдау ісі – құзырлы органдардың шұғыл әрі тиімді жұмысына және жаңа уақытқа, жаңа талаптарға бейімделген намысшыл тұлғаларға, біз бен сіздерге байланысты. Айрандай ұйыған еліміздің алдында талай белестер тұр. Осы белестерді бағындыруға күш-қуатымыз жететініне зор сенім артамын!

Шияп Әлиев,

Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика