spot_img
Сәрсенбі, Қазан 8, 2025
10.2 C
Kokshetau

Дәріні заңсыз саудалау мен бағаны негізсіз көтеру фактісі үшін сенім телефоны іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірлердегі дәрі тапшылығын болдырмауға, заңсыз бағаны көтерген алыпсатарлардың жолын кесуге байланысты Мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес, облыста бірқатар шаралар қолға алынды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Күнделікті дәріханардағы баға бақыланып, арнайы құрылған мобильді топпен рейдтер ұйымдастырылады.

Тексеріс барысында дәріні заңсыз саудалағандар мен бағаны негізсіз көтерген кәсіпкерлер анықталса, оларға тиісті жаза қолданылады.

Күні кеше дәрі-дәрмектерді заңсыз саудалаған  42 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны ұсталды. Ол өз үйінен дәріхана ашып, сұраныстағы дәрілерді нарықтағы бағадан жоғары сатумен айналысқан. Бұл іс барысында 30 қап ибуфен, аспирин және парацетамол дәрілері тәркіленді,-дейді Полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Карантиндік ережелерді бұзу туралы мәліметтерді және дәрі-дәрмектің бағасын көтеріп сатушылар туралы ақпаратыңыз болса, 8771 083 74 29 сенім телефонының WhatsApp желісіне фото және бейнежазба, мәтіндік хабарламалар жіберуіңізге болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында салық реформасы мен тарифтік реттеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында салық реформасы мен тарифтік реттеу мәселелері талқыланды Ақмола облысында бизнес қауымдастықтардың, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика