spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
10.8 C
Kokshetau

13 шілде – Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан тікелей эфир  арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялады. Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды еске алу үшін 13  –  шілде Ұлттық аза тұту күні  деп белгіледі, – деп хабарлайды «Aqmola News».

«Әр қазақ менің жалғызым» дегендей, әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын» Бұл күні қай жерде болмасақ та қаза болған Отандастарымызды  еске алуға шақырамын. Біз төзімділік танытып, елімізге қауіп төндірген індетпен күреске күш біріктіруіміз қажет, – деді Президент.

Мемлекет басшысы елдің еңсесін түсірмеу үшін  барлық қажетті шараларды қолға алу қажеттігін атады. Әсіресе, елде қолдан қымбатшылық жасағандарға, дәрі-дәрмек пен азық-түлік бағасын орынсыз көтергендерге қатаң жаза қолданылатынын да ескертті.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img