spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ұлттық домбыра күніне орай өткен онлайн байқаудың қорытындысы жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында өткен Ұлттық домбыра күніне орай өткен онлайн байқау мәресіне жетті, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Байқауға 35 жасқа дейінгі кез-келген жас өнерпаздар қатысты. Жеңімпазды анықтау дауыс беру арқылы анықталды.

Қазақтың қасиетті домбыра күнінің аталып өтуі ұлтымыздың үні мен дәстүрінің жаңғыруына жол ашады. Әсіресе бұл болашақ жас ұрпақтың бойына ұлағаты мол із қалдырады деген ойдамын. Қара домбыраның қоңыр даусын күмбірлеткен жас ұландар арасындағы бұл байқау қазақ халқының ұлттық мұрасы қасиетті домбыраны ұлықтау жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру, олардың шығармашылығын халыққа насихатау мақсатында өткізілді, – деді «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл.

Онлайн байқау үш аталым бойынша жүзеге асты. Дәстүрлі ән аталымында 434 дауыспен Аслан Мұхамедьяр топ жарып «Қажыбай-Айбоз Жахин атындағы бас жүлдеге ие болса, бірінші орын 211 дауыспен Өмірзақ Шешханұлының еншісіне тиді, 79 дауыс жинаған Таңнұр Әлбосын екінші орынға тұрақтаса, үшінші орынды 28 дауыспен Жоламан Рахимов қанағат тұтты.

Ал «Арнау» аталымында Ерлан Дәулет 156 дауыспен қарсыластарын шаң қаптырса, айтыскер ақын Әлібек Серғалиев 75 дауыспен екінші орынға қол жеткізді, үшінші орынға 25 дауыспен Абзал Жұмабек табан тіреді.

Күй аталымында өзге ұлт өкілі болса да домбыраны серік еткен дәулескер күйші Юрий Кочетыговтың мерейі үстем болса, екінші орынға 35 дауыспен Гаухар Балабекке қанжығасына байланып, үшінші орынға 16 дауыспен Дінислам Бекболатқа бұйырды .

Байқау жеңімпаздарын марапаттау уақыты қосымша хабарланбақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img