Қайғылы оқиға Жақсы ауданының Жаңақима ауылында және Қостанай облысының Арқалық қаласында орын алған. Пластикалық бес литрлік ыдыстардан алкогольді ішімдік ішкен төрт адам тіл тартпастан көз жұмған, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін спирттік ішімдіктердің басым бөлігі сатылып кеткен.
Арқалық қаласында 3 және 4 шілде күндері «Этанолдың уыттық әсері» диагозымен жансақтау бөліміне 13 адам жеткізілген. Оның 11-і ауруханада көз жұмды. Дәл осы уақытта Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылында да 4 адам алкогольді ішімдік ішіп қайтыс болғаны белгілі болған. Дәрігерлер адамдардың қайтыс болуының себебі спиртті ішімдіктен улану өткір геморрагиялық панкреатит өлімге себеп болды болжануда.
Ақмола облысы полицейлері 4 шілде күні тергеу барысында спиртті ішімдіктерді жасырын дайындайтын цехті анықтаған. Полицейлер үш күдікті адамды қолға түсірді. Олардан сатуға арналған спиртті ішімдік заттардың бір бөлігі тәркіленіп алынды. Алайда, күдіктілер осы уақытқа дейін жасалған өнімдердің басым бөлігін сатып жіберген. Бұл өнімдер адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, – деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қауіпті алкогольді өнімдер жасырын немесе базарларда сатылуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі азаматтарды өндірілуі күдік туғызатын пластикалық құтыларда этикетсіз саудаланған алкоголь өнімдерін сатып алмауға шақырады. Полиция қауіпті арақ-шарап өнімдерін анықтаған жағдайда бірден жергілікті полиция бөлімдеріне дереу хабарлауды сұрайды.