spot_img
Бейсенбі, Қаңтар 15, 2026
-21.8 C
Kokshetau

Президент коронавирус індетінің таралуына қарсы шараларды жариялайды

Сондай-ақ...оқыңыз

29 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

«Бүгін, 29 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді. Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды. Сондай-ақ, экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланып отыр. Кеңеске Үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары, облыс әкімдері қатысады» деп жазды ол.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында шомылу мерекесіне арналған 56 орын дайындалды

18–19 қаңтар күндері Ақмола облысында дәстүрлі шоқыну мерекесіне арналған суға түсу рәсімі өтеді. Тұрғындар арнайы жабдықталған мұз ойықтарында құтқарушылар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика