spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.9 C
Kokshetau

«Нұрлы жер» бағдарламасы: Көп балалы аналар тұрғын үймен қамтуда басымдыққа ие

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жыл басынан бері 2085 адам баспанамен қамтамасыз етілді. Жалпы пайдалануға берілген тұрғын үй аумағының көлемі 240 мың шаршы метрді құрады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Өңірдегі бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру болып отыр. Алдымен көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге басымдық берілген.

  • Сатып алу құқығынсыз тұрғын үйлерді салу үшін республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Облыста құрылысы жүріп жатқан 290 пәтердің 86-сы көп балалы отбасыларға арналған, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Облыста қазіргі уақытта 38 үй салынып жатыр. Басым бөлігі нақтырақ айтқанда жиырмасы жалдамалы тұрғын үй ретінде берілсе, қалғаны екінші деңгейлі банктер арқылы несиемен бөлінеді.

Алғашқы жарты жылдықтың қорытындылары бойынша біз 275 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыруға тиістіміз. Өткен жылмен салыстырғанда жоспар 2,5 пайызға артығымен орындалмақ, – дейді Асқар Мұратұлы.

Жалпы биыл 174 көп балалы отбасыларды жалдамалы пәтермен қамтамасыз ету жоспарланған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика