spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
16.9 C
Kokshetau

Ерейментау ауданында жаңа көпірдің құрылысы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ерейментау-Еркіншілік-Аршалы облыстық маңыздағы тас жолының бойындағы Еркіншілік ауылының жанындағы ағын су өткізетін көпірдің құрылысы басталды. Тозығы жеткен көпір жыл сайын көктемгі су тасқыны кезінде халықтың жүріп-тұруына қиындық келтіретін. Ернеуінен асып тасыған Кедей өзені талай елді шығынға белшесінен батырып, халықты әбден әуре-сарсаңға салған еді. Биыл сабақты ине сәтімен болып, ауылдағы қарапайым тұрғындардың тілегі орындалды – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Әсіресе 2015 жылы болған көктемгі су тасқыны кезінде күре жолдың бойындағы көпірді су шайып, топырағын жуып кеткен темірбетонды тастар опырылып құлаған. Халық бірнеше уақыт бойы қатынассыз қалған. Сол жылы Кедей өзенінің тасу зардабынан Еркіншілік ауылында он алты отбасы зардап шеккен еді. Жылда су тасқыны кезінде үрейленіп отыратын халыққа биыл жаңа көпір салынатын болды.

 

Облыстық мәндегі «Ерейментау-Еркіншілік-Аршалы» күре жолының 19 шақырымында орналасқан су өткізу көпірінің құрылысын жаңарту жұмыстары басталды. Жұмысты мердігер компания «Үрпек-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде көліктер айналма жол арқылы өтіп жатыр. Ал негізгі жолдағы ескі құрылымдарды бұзылып, су өткізетін көпір толықтай жаңартылмақ. Қазіргі уақытта құрылыстың негізгі жұмыстары жүргізілуде. Одан кейін жаңа бес су өткізетін саңылауы бар 4х2,5 метр мөлшеріндегі тюбингтік құбырлар салу жоспарланды, – дейді Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Арсен Жанғасқанов.

Жобаны ағымдағы жылы аяқтау көзделіп отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында 12,5 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысы елдегі жетекші өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қазіргі таңда Зеренді ауданында «Qazaq Qaolin» ЖШС-нің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика