spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмолада жоғалып кеткен 34 бас асылтұқымды ешкілер бірнеше сағат ішінде табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада құны 9 миллион 750 мың теңгеге бағаланған жоғалған асылтұқымды ешкілер табылды, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғалған 34 ешкіні полиция бірнеше сағаттың ішінде Елордаға жақын жерден тапқан.

 Осы жылдың 23 маусымында Целиноград аудандық полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 36 жастағы тұрғыны 34 бас «ағылшын-нубиялық тұқымды» ешкілерінің жазғы қоршаудан жоғалып кеткенін хабарлап, арыз берді. Шығын сомасын жәбірленуші 9 миллион 75 мың теңгеге бағалады. Тәртіп сақшылары бірден аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 188 бабының 1 тармағымен «Мал ұрлығы» қылмыстық іс қозғады. Іздестіріу шараларын өткізу үшін полиция екі топқа бөлініп қылмыскерді анықтауға кірісті. Қылмысты ашуға иісшіл ит «Графтың» көмегі тиді. Ол полицейлерді Елорда бағытындағы егіс даласына апарған. Арада аздаған сағат өткенде ешкілер Нұр-Сұлтан қаласының шетінен табылып, иесіне қайтарылды, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша қозғалған іс құрамында қылмыстық белгілер болмағандықтан тоқтатылған. Полиция тұрғындарды көп жағдайда иелерінің малды бағуда ұқыпсыздығының салдарынан барымташылардың жеңіл олжасына айналатынын, сондықтан аса сақ болуларын сұрайды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img