spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.8 C
Kokshetau

27 маусым күніне арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

27 маусым күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Еліміздің батыс бөлігінде ғана сенбі жауын-шашынсыз өтеді. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, дауыл тұрады. Оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал. Сондай-ақ жекелеген аумақтарда бұршақ, тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 23-28 м/с артады. Бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді. Сондай-ақ бұршақ, дауыл болжанады.

Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с артып, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с соққан желдің күші таңертең және күндіз 23-28 м/с артады. Бұршақ, дауыл күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 25 м/с күшейеді, дауыл күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Алматы облысында күндіз найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика