spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
0.9 C
Kokshetau

ҰБТ: Степногорда 2 түлектен шпаргалка анықталып, емтиханға жіберілмеді

Сондай-ақ...оқыңыз
Денсаулығына байланысты кіреберіс бекет пирометрден өте алмаған түлектер шілденің 4-5 күндері емтихан тапсырады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университет жанындағы Ұлттық тестілеу орталығы филиалының мәліметінше, 21 маусымда ҰБТ тестілеудің екі базасында, яғни, Степногорск қаласы №6  орта мектеп пен Есіл қаласы №3 орта мектепте тестілеу жүргізілді. Оған барлығы 188 түлектің 184-і қатыстырылды.

Тестілеудің алғашқы күнінде Степногорск қаласы республикалық спорт мектебінің түлегі өзімен бірге телефон және шпаргалка алғаны үшін тест залына өткізілмеді.

Бүгін 22 мауымда тестілеудің 5 базасында 383 түлектің емтихан тапсыруы көзделген еді. Бірақ оған 366 түлек өткізілді.

Тағы бір тест тапсырушы, Степногрск қаласы №6  орта мектептің түлегі емтиханға жіберілмеді.

 Кіре беріс бекет пирометрден барлық түлектердің температурасы тексеріледі. Жоспарланған түлек тапсырушылардың санының қысқару себебі – шпаргалкамен ұсталғандар мен денсаулығына байланысты өткізілмеген түлектердің болғандығынан. Егер мектеп бітіруші түлек денсаулығына байланысты тест тапсырмаса, тестілеу аяқталған соң, уақыт белгіленіп, тағы да тапсыруға  мүмкіндік болады. Ал шпаргалкамен ұсталғандар келесі жылы бірақ тапсырады, -дейді Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеті жанындағы ұлттық тестілеу орталығы филиалыщның жетекшісі Қуаныш Мұхамбетжанов.

Ақмола облысында ҰБТ 30 маусымға дейін 10 күн бойы өткізіледі.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика