Көкшетау қаласы әкімдігі коронавирус пандемиясының таралуына жол бермеу мақсатында қоғамдық орындар мен көшелерде, тұрғын үйлердің падъездерінде дезинфекциялау жұмыстарын күшейту мақсатында облыс орталығының пәтер иелері кооперативтеріне үндеу жариялайды,- деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Коронавирус пандемиясының соңғы апталардағы күрделенуіне байланысты, қайтадан шағын аудандардағы аулалар мен подьездерде дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді.
Сол себепті қала әкімдігі барлық ПИКтерді осы іске атсалысуға шақырады.
Қаладағы көпқабатты үйлердің 600-ден астам подьездерін күнделікті өңдеуді күшейту қажет. Бірақ, осыншама шаруаны аз ғана адамның атқарып шығуы мүмкін емес. Сондықтан барлық ПИКтер жұмыла кірісіп, тұрғындар да дезинфекциялауға ат салысса жақсы болар еді. Мұндай сынақ уақытында барлығымыздің бірігуіміз аса маңызды. Кондоминум басқармасы органдарына басқару органдары жоқ, (мысалы ПИК жоқ) үйлердің тұрғындарынан жетекшіні сайлап, кесте құрып, олардың өңдеу шараларына қатысуын қадағалауды тапсырамын,-деді қала әкімі Амангелді Смайлов.
Дезинфекция жасайтын сүйықтық әкімдік тарапынан үйлерлердің аумағына жеткізіледі.
Қазіргі уақытта қаланың орталық көшелерінде дезинфекциялық автокөліктер өңдеу жұмыстарын жүргізуде.
Бұл көліктер өңірге «Сарыарқа Авто Пром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен шығарылып, жеткізілген еді. |