Көкшетау қаласында Краснояр күре жолының бойында салынып жатқан мектеп құрылысы келісімшарт бойынша ағымдағы жылдың 4 тоқсанында аяқталуы тиіс,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Мектеп құрылысының бүгінгі жай-күйі мен болашақтағы келбеті жайлы тілші зерттеп көрді.
Көкшетау қаласының құрылыс бөлімінің мәліметінше, аталған нысан оқу-тәрбие кешені бағытында жүзеге аспақ. Мұнда барлығы 392 орын дайындалмақ. Оның 80 орындығы, яғни 4 топ мектепке дейінгі білім алушыларға арналған.
Білім кешенінің құрылысы қазір уақытша тоқтап тұр. Оның себебі қазіргі уақытта жобаны қайта түзеу жүріп жатыр.
– Мердігер компания жобаны қайта түзеп, құрылыс бөліміне сараптамаға жіберіледі. Сараптаманы қарастырған соң құрылыс қайта жанданады,-дейді құрылыс бөлімінің жетекшісі Ерлан Шәкіржанов.
Оның айтуынша, бүгінде мектептің негізгі іргетасы отырғызылып, қабарғасы көтерілген. Білім ордасының асханасы мен спорт залының және терезелердің ойықтары белгіленіп, құрылыстың үшінші қабаты қаланған.
Жылу қазандығы салынды, желілердің барлығы су құбыры, канализациясы істелінді.Мектептің құрылысы аяқталуға жақын,-деп қосты Шәкіржанов.
Құрылысты мердігер компаниялар «НИКС ГруппИнжиниринг-ИВ», «Жилпромпроект-Кокшетау» және «АРСнаб и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мойнына алған.
Аталған бірінші серіктестіктердің біріншісімен 975 951,074 мың теңгеге, екіншісімен 640 632 86 мың теңгеге, үшіншісімен 122, 8 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу келсімшарты жасалған.
Мектеп құрылысы жасалған келісімшарттарға сәйкес, 2020 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.