Көкшетауда «Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектерулі серіктестігінің автобус жүргізушісі әріптестері мен жолаушыларға КВИ жұқтыруы мүмкін деген мәлімет бар. Бүгін жүргізушімен жақын қарым қатынаста болған әріптестері мен жүзге жуық адам қауіпті вирусқа тест тапсырады,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Компанияның Бас директоры Асия Шаримова айтқанындай, жүргізуші 12 маусымда ауырып, медициналық демалыс алған. Тапсырылған анализ қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. Науқас инфекциялық стационарға жатқызылған.
Келесі мәселе онымен болған байланыс шеңберін анықтау.
Жүргізушінің барлық автобус маршуртына жауапты мамандармен қарым-қатынас жасағаны анықталды. Жолаушы қағазын жіберушіден бастап, диспетчерлар, медбикелер, күзетшілермен байланыста болған.Біздің ұжымдағы 57 адаммен қарым-қатынас жасағаны белгілі болды,-дейді Асия Шаримова.
18 маусымда олардың барлығы КВИ-на тест тапсырмақ.
Егер автобустар тоқтап қалса қалада тіршілік тоқтап қалады. Билік осыны ұғынып, мәселенің шешімін тапты,-дейді Шаримова.
«Көкшетау автобус паркі» кәсіпорнының 13 бағытының бесеуін басқа ұйымдар ауыстыратын болды. Қалған сегізі кейін қарастырылмақ.