spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
18.2 C
Kokshetau

Көкшетауда өткен тәулікте коронавирустан 2 адам қайтыс болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан екі адам қайтыс болды деп хабарлайды,- «Aqmola news» тілшісі.

Облыстың санитарлық қызметі өткен тәулікте 1952 жылы туған әйел мен 1977 жылы туған ер адам қайтыс болғанын хабарлады.

Біріншісі әйел адамда екі жақты өкпенің тұтас қабынғаны белгілі болды. Медицина қызметкерлеріне жүгінген әйел облыстық көпсалалы ауруханасының интенсивті терапия бөліміне жеткізілді. Жағдайы ауыр деп бағаланды.  Ол дәрігерлерге ентігетінін айтып шағымданған, сол себепті жасанды вентелияциялық өкпе аппаратына қосылған. Жан жақты ем жүргізу оң нәтижесін берместен науқас әйел 14 маусым күні жан тапсырды,-деді департаменттен.

Науқаста екі жақты өкпесінің қабынуынан басқа сонымен қатар  лимфоаденопатия өкпе қабының талаурауы анықталған.

Коронавирус ауруымен ауырған екінші 1977 жылы туған ер адам Көкшетау қаласында 4 күн бойы дәрігерге қаралмай, өз бетімен емделген.

Естеріңізге салсақ, Қазақсанда өткен тәуліктерде КВИ-нан қайтыс болғандардың саны 4-ке жетіп, оның екеуі Ақмола облысында тіркелген болатын. Бүгін елімізде қауіпті аурудан қайтыс болғандардың саны 77-ге жетті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы бақылауда

Қазіргі уақытта Бұланды ауданында су тасқыны шыңы төмендеуде. Азаматтық қорғау күштері су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img