spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Көкшетауда демалыс күндері 5 тұрмыстық-шаруашылық өрті, 3 орман өрті орын алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен демалыс күндері Ақмола облысында 5 тұрмыстық-шаруашылық өрті, 3 орманнан өрт тұтану оқиғасы тіркелді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингдеТЖД бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов мәлімдеді.

13 маусым күні Сарыарқа ауданы 14,3 мекен жайындағы пәтерден өрт шығуы салдарынан 2 адам құтқарылып, 35 адам эвокуацияланған.

Өкінішке орай, 2016 жылы туған қыз бала ауруханаға жеткізілгенше көз жұмды. Бұдан бөлек облыс аумағында 20 м с жел көтерілгендіктен, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында ТЖД тарапынан тұрғындарға ескерту хабарламалар таратылған.

Сонымен қатар Бурабай, Ақкөл, Сандықтау аудандарында 3 орман өрті тіркелді. Ерейментау және Ақкөл аудандарының аумағында да кішігірім  құрғақ шөптің тұтануынан   өрт шығу оқиғалары орын алды. Өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін бір адамға бір жолғы ескерту берілді,-дейді спикер өз сөзінде.

Осылайша өткен демалыста қарбаласып, ат үстінен түспеген төтеншеліктер барлығы 8 өртті ауыздықтаған.

Спикер сөз соңында ата-аналарға балаларды жалғыз қалдырмауды ескертіп, жаз уақытында жиі орын алатын от пен судан болатын апаттардан барынша сақтанудың алгоритмдерін ұсынды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика