spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Алаяқтық дерегі көбейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды алдап келген әйел ұсталды. Сонымен бірге азаматтардың ұтымды шарттармен микрокредит алуына уәде берген ер адам істі болды. Ол қызметінің орнына жеке куәліктің және банк картасының екі жағының суретін жіберуді сұраған,-деп хабарлайды «Aqmola News»  Fingramota.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы алаяқтары бір мақсатқа қол жеткізу – пайдаланушының дербес деректерін алдап алу үшін түрлі қулықтарға барады. Ол ЖСН, төлем картасының немесе шоттардың деректері, CVV/CVC код, SMS-хабармен келетін код, тіпті электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ). Осы деректерді алғаннан соң алаяқтар картадағы немесе шоттағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыра алады.

Алаяқтар өздерін қарыз алушыларға қаржы ұйымының, оның ішінде банктің қызметкері ретінде таныстырып, кредит мерзімін кейінге қалдыру, қарыз, «жеңілдікпен» ипотека ресімдеу және т.б. қызметтерді ұсынып хабарласуы мүмкін.

Назар аударыңыз! Банк қызметкерлері карта бойынша деректерді ұсынуды немесе SMS-хабарламадан кодты айтуды талап етіп ешқашан клиентке бірінші болып қоңырау шалмайды. Бұл мәселелер бойынша клиент қана бірінші боп бастама көтереді.

Біздің кеңесіміз: «Бейтаныс адамдарға және тексерілмеген ұйымдарға өз ақшаңызды сеніп тапсырмаңыз және өзіңіздің жеке деректеріңізді жария етпеңіз!».

Төлемдерді растау үшін пайдаланылатын парольдерді, кодтарды немесе өзге конфиденциалды деректерді ешқашанда ешкімге хабарламаңыз. Заманауи қауіпсіздік жүйелері парольдер және кодтар басқа адамдарға берілмейтіндей етіп жасалады. Дербес деректеріңізді, әсіресе PIN-кодты, CVV-кодты (картаның сырт жағындағы үш мәнді нөмір) ешкімге жария етпеңіз. Белгісіз немесе күдікті мекенжайларда алынған электрондық хаттарды ашпаңыз, электрондық пошта бойынша, әлеуметті желілер немесе SMS-хабар бойынша күмәнді дереккөздерден жіберілген сілтемелерді қарамаңыз.

Fingramota.kz мұқият болуды және алаяқтардың құрығына түсіп қалмауды ескертеді!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img