spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Степногорск қаласында бес адам бірдей тірідей өртеніп кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Оқиға өткен түні 00.50 шамасында Саяжай массивтеріндегі тұрғын үйлердің бірінде болған. Степногорск қаласында «Рассвет» саяжайында тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып бір отбасы түгел опат болды, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қыш кірпіштен жасалған 20 шаршы метр аумағы бар үй толығымен отқа оранған Тұтанған өрт ауладағы моншаға да көшіп сегіз шаршы метрлік ағаштан жасалған құрылыс та жанып кеткен.

 

Өрт сөндірушілерге дабыл берілісімен дереу жетті. Алайда, тұтастай жанған үйдің ішінде қалған адамдарды құтқару мүмкін болмады. Тілсіз жаудың салдарынан 28 шаршы метр аумақ отқа оранған. Өрттің қатты болғаны соншалық өрт сөндірушілер екі жарым сағат бойы тілсіз жаумен арпалысты. Өрт сөндіру кезінде екінші қабаты қопарылып түсіп бұл өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі келтірді. Тек түнгі 3.40 шамасында өрт толықтай сөндірілді. Өкініштісі сол үйден екі бірдей кішкентай сәбилердің мүрдесі табылды. Олардың бірі 7 жаста екіншісі 5 жастағы балалар болып шықты. Оқиға орнынан бес адамның мүрдесі табылды. Олар осы үйдің иесі, ұлы және екі немересі болып шықты. Өрттен қаза болған тағы бір адамның кім және қайдан келгені белгісіз. Тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір өрттің шығу себептері де анықталу үстінде. Үйде электр энергиясы және пеш болмаған. Бір атап өтерлігі Степногорск қаласының төтенше жағдай қызметкерлері былтыр күзде осы үйге де профилактикалық шаралар ұйымдастырып, жаднамалар таратқан, – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаметінің бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Алексей Советов.

Өрт сөндіруге үш бірлік техника мен 12 жеке құрам сарбазы жұмылдырылды. Оқиға орнындағы өрттің шығу себептерін анықтау үшін өртті сынақтан өткізу зертханасы жіберілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img