spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
14.7 C
Kokshetau

Көкшетауда тұрғын үйлердің сырты «стрит арт» композициясымен әрленуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудағы   көпқабатты  тұрғын  үйдің қабырғалары тарихи суреттермен  безендіріліп жатыр. Оны қала әкімдігінің тапсырысымен «Дизайн Сити» жарнамалық агенттігі жүзеге асыруда,-деп хабарлайды «Aqmola News» қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 6 стрит-арт композициясының нобайы бекітілді.  Екі нысанда сурет салынуда. Бірі-Абылайхан даңғылындағы он бесінші үй. Мұнда екі дизайнер ат үстіндегі Абылай ханды бейнелейді. Екінші нысан – Уәлиханов көшесіндегі мына тұрғын үй кешені. Ол қазақтың көрнекті ғалымы Шоқанның бейнесімен безендіріледі.

Келесі 4 нысанда сақ стилі сияқты тарихи суреттер салынады.  Сонымен бірге, қалаға кіреберістегі тұрғын үйлердің қабырғаларында «Қош келдіңіздер!» деген жазу болады.  Ал әзірге нақты қандай суреттер болатыны белгісіз. Ол әкімдікте айтылып, бекітілмек,-дейді жарнамалық агенттіктің жетекшісі Олжас Әбуов.

Тамыз айының соңына дейін 21 нысан осындай стрит арт деп аталатын композициялармен әрленеді.

Бұл жұмыстарға жалпы  саны  он адам жұмылдырылған. Алдағы күндері олардың қатарына тағы бірнеше дизайнер қосылмақ. Ал қала тұрғындары  тұрғын үйлердің тарихи суреттермен әрленетініне қуанышты.

Облыс орталығына сән беретін бейнелерді салу  жаздың соңына дейін жалғасады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика