spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
2.2 C
Kokshetau

Көкшетауда 3 коммуналдық базар салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Жыл аяғына дейін Көкшетау қаласында 3 коммуналдық базарлар салынады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте «Есіл» ӘКҚ Басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Джазина мәлімдеді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Ақмола облысының тұрақтандыру қорының бүгінгі жағдайын баяндаған спикер қорда барлығы 230 миллион теңгені құрайтын 1 мың 804 тонна тауар барын жеткізді.

Қолма қол қаржыға күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, кілегей жеткілікті. Жергілікті өндірушілердің бірінші сұрып ұндары да дүкен сөрелерінде тұр дейді спикер.

– Бүгінде қорға қант жеткізілді, ол жақын күндері, яғни, осы айда дүкендерде тиімді бағада сатылмақ,-деп толықтырды сөзін спикер.

Брифинг барысында белгілі болғандай, бір келісі 110 теңгеден жеткізілетін ұн Басқарманың ықпалымен нан өнімдерін шығару үшін наубайханаларға бұдан төмен бағамен жеткізілген.

Мәселен,  төтенше жағдай кезіндегі қиындықтарға байланысты қаладағы сатылатын танымал нан түрлерінің бірі 100-ден 115 теңгеге дейін көтерілді. Ал қордағы әлеуметтік нан 85 теңгеден сатылды.

Гүлмира Джазинаның айтуынша, қорды одан әрі толықтыра түсу жұмыстары жалғасуда.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің халыққа қол жетімділігін арттыру үшін «Есіл» ӘКҚ аумағы 200 шаршы метрлік үш коммуналдық базар салуға ниетті.

Бұл базарлардың екеуі Назарбаев даңғылы мен «Көктем» шағын ауданында орын теппек. Осылайша қаланың тыныш аудандарына жан бітіп, орталыққа сабылатын халық үшін тиімді болмақ.

Бұл үшін қазір жер учаскелері жалға алынып, смета жасалып, сараптама жасалған. Жобалық-сметалық құжаттамасы да дайын. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталмақ,-дейді спикер.

Ақмола облысында қазіргі таңда бір ғана коммуналдық базардың барын ескерсек, бұл базарлардың іске қосылуы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін нарықтық бағадан төмен бағамен тауарларға қол жеткізуін арттырары сөзсіз.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img