spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында Кіші Шабақты көлінің жағасында мобильді құтқару бекеті ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Щучье-Бурабай курорттық аймағында орналасқан Кіші Шабақты көлінің жағасында, суға шомылу маусымы басталар алдында мобильді құтқару бекеті ашылды, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл сайын ауа-райының жазғы ыстық кезеңі басталысымен облыс су айдындарында облыс тұрғындары мен қонақтарының жаппай жиналуы байқалады. Щучье-Бурабай курорттық аймағында шомылуға арналған, оның ішінде кішкентай балалармен бірге ең көп баратын демалыс орындарының бірі – Кіші Шабақты көлі .
Төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтардың суда қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, облыстың төтенше жағдайлар Департаменті зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерген кәсіби құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастырады.

«Облыстың су нысандарындағы адамдардың қауіпсіздік мәселесі аса өзекті. Сондықтан  құтқарушылар судағы оқиғалардың алдын алуға бағытталған бірқатар профилактикалық шараларын жүзеге асыруда. Карантин шараларының жалғасуына қарамастан, облыстың су қоймаларында демалушылардың қатары азайған жоқ. Осыған байланысты суға түсу маусымы басталысымен, әрі күн райы күр ысығандықтан Кіші Шабақты көлінің жағасында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілік ететін  мобильді құтқару бекетін қойдық. Кезекшілік кезінде құтқарушылар аспалы моторы бар жүзу құралында су акваториясын тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ  демалушылармен су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кезекшілікті тиімді атқару үшін материалдық резервтен алынған жылжымалы тіркеме орнатылған. Құтқарушылар барлық қажетті құтқару жабдықтарымен, байланыс құралдарымен, автономды электр және жылу генераторларымен және басқа да қажетті құрылғылармен толықтай қамтамасыз етілген», – деді облыстық ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары және Жедел-құтқару жасағының жетекшісі Дәулет Шамиганов.

Естеріңізге сала кетейік, облыс аумағында бес құтқару бекеті жұмыс істейді. Бурабай, Зеренді, аудан және Көкшетау қаласының көлдерінде 61 кәсіби құтқарушы, сондай-ақ 105 құтқарушы бар 35 маусымдық қоғамдық құтқару бекеті бар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img