spot_img
Бейсенбі, Наурыз 19, 2026
-0.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында балалар үйінің тәрбиеленушілері республикалық сурет байқауының жүлдегері атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты онлайн тәртіпте  республикалық сурет байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды «Aqmola news».
Бұл туралы Ақмола облысының экология департаменті мәлім етті.
Байқау 14 мамырдан 28 мамырға дейінгі аралықта өтті.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сурет конкурсына өңірдің 4 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша №1 Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушісі «Остантесь на земле» атты жұмысымен 1 орын иеленсе, екінші орын «Табиғатты қорғаңыздар!» жұмысымен Ақкөл ауданы Урюпенка селосының «Мектеп балабақша интернатының тәрбиеленшуісі Файфер Владиславтың еншісіне бұйырды. Ал үшінші жүлделі орынға «Жер табиғаты мен барлық жануарлар әлемін қорғайық» атты жұмысымен Көкшетау қаласының жасөспірімдерді бейімдеу орталығының тәрбиеленушісі Алевтина Амбросенок табан тіреді. Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді, – дейді облыстық Экология департаментінің баспасөз қызметінен.

Байқауға қатысқан барлық жұмыстар Көкшетау қаласындағы баннерлерге орналастырылды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсету жүйесі жетілдірілуде

Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау көрсету – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бүгінде Ақмола облысында шамамен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика