spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Түлектер қанат қақты

Сондай-ақ...оқыңыз

 Бүгін ақмолалық мектептерде  соңғы  қоңырау соғылды. Карантин режиміне орай мектеп бітіру кеші мен аттестат тапсыру салтанаты бірге өткізілді. Түлектерге облыс әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы сәт сапар тіледі,-деп хабарлайды,- «Aqmola News».

Биыл облыс бойынша 4515 түлек мектепті аяқтап, оның 297-сі «Алтын белгі» иегері атанды. Көкшетау қаласыбойынша 963 түлек болашаққа қанат қақты.  Карантин режиміне орай аттестатты салтанатты тапсыру рәсімі санитарлық талаптарға сай өткізілді.

 

Министрдің тапсырмасына сәйкес мектептерде соңғы қоңырау шарасы ұйымдастырылды. Санитарлық талаптар қатаң қадағаланды. Ата-аналар мен түлектер маска киіп, қорғаныш қолғабын киді. Ара қашықтық сақталды. Мейрамханаларға бармай, түлектер үйлеріне тарады. Мектеп бітіру кеші өткізілмейді. Денсаулық маңызды,-дейді қалалық білім бөлімінің жетекшісінің міндетін атқарушы Дина Башарова.

Көкшетау қаласы 17 мектептің «Алтын белгі» иелеріне аттестаттарын тапсырған Айна Мүсірәлімова түлектерге сәт сапар тіледі.

Бүгін ерекше күн! Бұл оқушылар үшін оқу жылының аяқталып, жазғы демалыстың басталғанын білдіреді. Біздің түлектер үшін балалық шақтың аяқталып, ересек өмірдің басталған күні! Сіздерге зор денсаулық, амандық тілеймін! Жолдарыңыз ашық болсын, қымбатты түлектер!,-деді Мысырәлімова.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img