spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
18.2 C
Kokshetau

Көкшетауда өнер иелеріне құрмет көрсетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қала әкімі Амангелді Смайылов мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен
құттықтап, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, кітапханалар жүйесі мен «Достар»мәдениет сарайының мамандарын Алғыс хаттармен марапаттады, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерейлі мерекесі осы сала қызметкерлері үшін ерекше күн. Қала басшысы олар айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталманы ретінде өнерге берілген өнерлі жандар екенін атап өтті. – Әрбір елдің рухани күші – оның мәдениетімен өлшенеді. Ұлттық өнердің қанат жайып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуында осында отырған баршаңыздың үлесіңіз бар. Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын! – деді қала әкімі өз құттықтауында. Мәдениет майталмандарына құрмет көрсетілген тамаша күн олардың құшақтарын гүлге, көңілдерін нұрға толтырды.
Өнер деген өміршең ортаның тамырын талай талант иелері басып жүр. Арамызда өнерлі жандар көп, бірақ нағыз өнер иесін халық өзі-ақ таңдап алады. Олар шоқ жұлдыздай жарқ етіп, елінің сүйіктісіне айналып, өнердің қиын да қызықты баспалдақтарымен биікке өрлей береді. Міне, сондықтан да, шырмауы көп өмірдің шиыршығын өнермен ұштастырып жатқан өнер иелеріне бас имеуге болмас.

Мереке күні облыс әкімі Ермек Маржықпаев бірқатар наградалар мен алғыс хаттар тапсырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Серпін» өңірлік жобалық офисінің отырысы өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде аймақтық «Серпін» жобасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың төрағалығымен кезекті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img