spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Арнайы мемлекеттік комиссия құрылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін — ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Дәл осы күні 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған жасанды зауалдан зардап шеккендерді де еске аламыз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келе жатқан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.
Қазақ халқы үшін атаулы дата қарсаңында, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғанын жария еткен болатын. «Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады. Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз», — деген еді Қазақстан Президенті.
Қазіргі уақытта жаңадан құрылатын комиссия миссиясы да белгілі болып отыр. Бұл жайлы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев әлеуметтік желідеге парақшасында тарқата айтып берген-ді. «Жаңадан құрылған органның миссиясы — саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай саяси және заңды түрде ақтау жақсатында жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру. Президенттің комиссия алдына қойған міндеттері және оның аясында жүргізілетін жұмыстар мынадай: Біріншіден, жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамалық ұсыныстар әзірлеу; Екіншіден, жапай саяси қуғын-сүргін құрбанына теңестірілетін және саяси ақтауға жататын тұлғалар санатын бекіту; Үшіншіден, ақталғандарды мәңгі есте қалдыру, олардың жерленген жерлерін іздеу және күтіп-ұстауды ретке келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Төртіншіден, ақталғандардың құқықтарын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтінімдер мен шағымдарды қарау. Аталған міндеттер мемлекеттік комиссия жұмысы сұлбасын нақты бейнелейді. Оның барысы жайында қоғамға тұрақты түрде ақпарат берілетін болады», — деді Дәурен Абаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img