spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Лариса Гомилко: Мамыр айының соңғы күнін көп отбасылар үлкен тебіреніспен қарсы алады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысының саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға ерекше назар аударғаны қуантады. Өзінің Үндеуінде Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке репрессия құрбандарын ақтау жөнінде жұмысты бастау туралы тапсырма жүктеп, тарихи әділдік пен ақтаңдақтар мәселесін көтерді.

Мен үшін бұл тек қарапайым сөз емес. Бұл жазықсыз жапа шеккен қазақтың қайраткер ұлдарына деген құрмет.

Қаншама отбасылар ХХ ғасырдың 30 жылдарында қазақ жеріне жазықсыз айып тағылып жер аударылды.

Басқа ұлт өкілдерін жатсынбай бір үзім нанын бөлісе жеген қазақ халқына алғысым шексіз.  Сол отбасылар әлі күнге дейін қазақ елін өзінің туған Отаны санайды және шексіз сүйеді.

Саяси тұрғыдан қуғын-сүргінге ұшырап, жер аударылғандарды қазақ елі жылы шыраймен қарсы алды. Олардың әрқайсысы қазақтарды үлкен мейіріммен еске алады.

Жаңа ұрпақ тарихтың ақтаңдақ кезеңдерінде ауыр зардап шеккен ата-бабаларын құрметпен еске алып, тарихын білуі тиіс. Ең бастысы бір-біріне өзара сыйластық пен рақымшылықты бағалай білгені жөн.

Гомилко Лариса Владимировна,

Лавровка орта мектебінің мұғалімі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика