spot_img
Жексенбі, Тамыз 17, 2025
15.2 C
Kokshetau

Ғалымтай Төлепбергенов: Президент Үндеуі тарихи сабақтастыққа жол ашады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға орай жариялаған Үндеуін зор толқыныспен қабылдадым. Тарихтың ақтаңдақ беттеріне айналған репрессия  Қазақ елін, оның ішінде Ақмола облысын да айналмай өтпеді.

Мәселен Алаштың айбынды ұлы Сәкен Сейфулиннің ұлы Аянның бейіті елеусіз ғана қара тас қойылған. Осы Репрессия жылдарында қазақтың маңдайына біткен мыңдаған зиялы ұлдары жазықсыз атылып кетті. Қазақ елінің 25 мыңнан астам ұлттың қаймақтарының қырылуы біз үшін орны толмас зор қасірет. Халық моральдық күйзеліске ұшырады. Рухани тұрғыдан үлкен соққы алды. Ұлтымыз саны мен қатар сапа жағынан әлсіреп кетті. Ал саяси зауалдың орнын толтыру үшін аса ұзақ уақыт қажет болды.

Менің ойымша Қазақ бейіттерінде Алаш арыстарына арналған ескерткіштер қойылуы тиіс. Бұл кейінгі ұрпақ жадында өткен тарихи сабақтастыққа жол ашады. Мемлекет басшысы бүгін көтерген мәселе ақтаңдақ беттерге айналған саяси репрессия құрбандарына ақтауға, баға беруде үлкен жұмыстарға жол ашқан жаңа бастама болды. Өлі разы болмай, тірі байымайды. Біз Украина, Орта Азия елдерінен гөрі аса зор шығынға ұшыраған елміз. Сондықтан тарихи сабақтастыққа назар аударылғанына шынайы ризашылығымды білдіремін. Тәуелсіздігімізді сақтау үшін бұл аса маңызды мәселе.

Ғалымтай Төлепбергенов,

Тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика