spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 18, 2026
-0.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында кәсіпкер із-түзсіз жоғалып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

25 мамырда күндізгі бірлер шамасында «Toyota Estima Lucida» маркалы көлігімен Щучинск қаласына жұмыстарымен жолға шыққан көкшетаулық кәсіпкер жігіт сол күйі хабар-ошарсыз кеткен, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұбайын алғашқыда өз күшімен іздеп көрген әйел полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

Қазіргі уақытта оның қайда кеткені белгісіз. Көкшетау қаласының полиция басқармасына жүгінген әйелдің айтуынша жолдасы Руслан Имандинов жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Жігіттің бойы 170-180 сантиметр, толық денелі, басы тақыр.  Қоңыр түсті қысқа шалбар, қара түсті футболка және қара түсті крассовка киген, – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факт бойынша полицейлер жігіттің достарынан, туысқандары мен көршілерінен сұрап, іздеу жұмыстарын жүргізуде. Іздеу жұмыстарына облыстың жол полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылыпты. Полиция Руслан Имандинов туралы қандай да бір мәлімет білгендер болса «102» арнайы желісіне хабарласуды өтінеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсету жүйесі жетілдірілуде

Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау көрсету – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бүгінде Ақмола облысында шамамен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика