spot_img
Сәрсенбі, Шілде 3, 2024
17.2 C
Kokshetau

Серік Ақшалов: Ұлттық кеңес отырысында халық денсаулығын сақтаудың маңыздылығы айтылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін біз онлайн фоматта өткен Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысын тыңдадық. Президент денсаулық саласына қатысты да бірқатар тапсырмалар берді. Оның бастылары медицина мамандарының жалақысын кезең-кезеңімен арттыру. Мемлекет басшысының денсаулық сақтау мамандарына жасаған қамқорлығы қызметкерлеріміздің жұмыс сапасын арттырады деп ойлаймын.
«Дәрігерлердің айлығы 2023 жылға дейін орташа жалақыдан екі жарым есеге артық болуы керек. Алдағы 5 жылда медициналық мекемелер қажетті техникамен 100 пайыз қамтылады,-деді Президент.
Демек, медициналық мекемелерге қажетті техника жеткізілсе, аудан халқының денсаулығы қадағаланып, науқастардың диагнозіне қатысты тиісті шаралар уақытында орындалады. Осылайша өлім-жітімді азайтуға болатын еді.
Бүгінде мемлекет тарапынан денсаулық саласына лайықты көңіл бөлінуде. Ақкөл аудандық ауруханасы да алдыңғы қатарлы медициналық технологиямен жабдықталған.
Аурухананың медициналық персаналында көпжылдық тәжірбиесі бар білікті мамандар жұмыс істейді. Мекеме халыққа медициналық көмек сапасын арттыруда маңызды ұйымдастырушылық, әдістемелік және үйлестіруші рөлге ие. Жыл сайын диагностика және емдеудің жаңа әдістері пайда болып, барлық бөлімдер мен қызметтердің жұмысына енгізіледі, бұл аудан тұрғындарына жоғары деңгейлі медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Аудан тұрғындарына 21 медициналық-профилактикалық көмек пунктері мен ауылдардағы 5 дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді.
Өзім басшылық ететін ауруханада ФГДС, ультрадыбыстық – диагностика, ЭКГ, рентген кабинеті, клиникалық және биохимиялық зертханалар жұмыс істейді.
Қазақстан Президенті кеңес отырысында отандас тары мыздың денсаулығын сақтау үшін қажырлы еңбек етіп, пандемиға төтеп беру қажеттігін ескертті. Азаматтарымыздың денсаулығы мемлекет алдындағы басты міндет екеніне тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі дағдарыстан денсаулығы мықты ұлт қана аман-есен шығады.

Ақкөл аудандық ауруханасының бас дәрігері Серік Ақшалов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелген этно лагерь

Халқымыздың ешкімнен ұялмайтын тарихы мен мәдениеті, руханияты, салт-дәстүр, ырым-тыйымдарына сүйене отырып, Ақадыр ауылының жалпыорта білім беретін мектеп аумағында осымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img