spot_img
Сәрсенбі, Маусым 26, 2024
21.7 C
Kokshetau

Ақмолада «Жас маман» жобасына 11 колледж қатысады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Елбасы жариялаған «Жастар жылы» аясында жүзеге асырылған «Жас маман» жобасына өңірдің 11 колледжі қатыспақ, – деп хабарлайды «Aqmola news» .

Аталған жоба шеңберінде еліміздің 180 колледжін заманауи оқу және өндірістік жабдықтармен қамтамасыз ету және колледждерді жаңғырту, шетелдік серіктестерді тарту, өндірістік оқу шеберлері мен оқытушыларының біліктіліктерін арттыру және жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу талаптары қойылған.

Ақмола облысы да аталған жобаны жүзеге асыруды мықтап қолға алды. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша өңірдің жетекші 11 колледжі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен қосылған 100-ден астам қажетті мамандықтар бойынша кадрлар әзірлемек.

Заманауи оқу құрылғыларын аталған «Жас маман» жобасы шеңберінде саты алу үшін Ақмола облысының 5 колледжіне 2020 жылдың бюджетінен 1 616 560 мың. теңге бөлінсе, сондай-ақ облыстық бюджет қоржынынан 80 828 мың. теңге қосымша қаржы берілді.

Биылғы жылы жобаға Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі мен құрылыс-техникалық колледжі, Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі, Шағалалы жоғары агротехникалық колледжі мен Степногорск қаласынң индустриалды-техникалық колледждері қатыспақ.

Осылайша ағымдағы жылы «Жас маман» жобасы шеңберінде Ақмола облысының колледжерінде 18 мамандық пен 33 біліктілік бойынша оқуға жаңа жабдықтар сатып алынады. Заманға сай жабдықтар қазіргі таңда аса қажет болып отырған машина жасау технологиясы, тамақтануды ұйымдастыру, архитектура, жиһаз өндірісі, техникалық қызмет көрсету, автомобиль көлігін жөндеу және пайдалану, өнеркәсіптегі автоматика және бақылау-өлшеу құралдары мамандықтарына арналмақ.

Ал келер жылы «Жас маман» жобасына Атбасар қаласының аграрлық-индустриальды колледжі, Красный Яр селосының агротехникалық колледжі, Щучинск қаласының орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі, Степногорск қаласының тау-кен техникалық колледжі, Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжі және Астрахан селосының агротехникалық колледжі қатысады.

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жастар есірткіге қарсы

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Жастар арасынданашақорлықтың алдын алу бойынша ішкі саясатбасқармасының жобасын іске асыру аясында Достықүйінде "Жастар есірткіге қарсы!"...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img