spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында құрылған мемлекеттік мұрағатта репрессияға ұшыраған 5000 ақмолалық туралы мәлімет енгізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада репрессияға ұшырағандарды табуға көмек беретін арнайы мемлекеттік мұрағат жұмыс істеуде, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Репрессия жылдары із-түзсіз жоғалған немесе жер аударылған тұлғалар мен олардың туысқандарын іздеуге арналған мемлекетік мұрағат Ақмола облысының жол полициясы ақпараттандыру және байланыс басқармасында жұмыс істеуде. Тек жыл басынан бері ғана мұрағаттан ақмолалық репрессияға ұыраған 4 адам туралы архив анықтамалары берілген.

 Мұрағаттың негізгі міндеті Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының деректі құжаттарын сақтау болып табылады. Қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға қатысты ақпарат алу үшін сол азамат туралы растау құжаттарымен және жазбаша түрде өтінішпен жүгіну қажет. Архив тек репрессияға ұшыраған азаматтарды ғана емес Ұлы Отан соғысы жылдарында тұтқында болған адамдар жайлы мәліметтерді іздеуде азаматтардың тұрғылықты жеріне немесе азаматтығына қарамастан олардың өтініштерін қарастырады. Егер іздестірілген материалдар басқа облыста сақталған жағдайда бұл туралы өтініш берушіге міндетті түрде хабарланады., – дейді мемлекеттік мұрағаттың  қызметінен.

Тергеу істерінде репресиияға ұшырағандардың туралық толық мәліметтер сақталады. Атап айтқанда, жергілікті органдармен және ауылдық кеңестермен берілген анықтамалар, жұмыс орнынан мінездеме, үкімдер мен айыптау қорытындылары, қылмыстық істерді қайта қарау туралы шешімдер мен реабилитация туралы мәліметтер топтастырылыпты.

Егер туыс екендігін растайтын құжаттарды ұсынса репрессияға ұшыраған тұлғалардың балалары мен немерелері өз ата-бабалары мен басқа да туыстары жайлы қылмыстық іс құжаттарымен таныса алады. Ол үшін алдымен Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz сайтына кіріп сұраныс жасау қажет, – дейді мамандар.

Сайт бөлімдерінде 2015 жылы жасалған «Мемориал» базасында Ақмола облысынан репрессияға тап болған 5000 жерлестер туралы мәліметтер енгізілген. Аталған мемлекеттік мұрағат Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы 52 үйде орналасқан. Мемлекеттік архивте өтініштерді қабылдау күн сайын таңғы 9.00-ден кешкі 17.30-ға дейін жүзеге асырылмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img