spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында биыл 7 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мақсатында 7 бірдей мектепке дейінгі мекеме ашу көзделуде. Барлығы 585 орын болатын білім ошақтары Көкшетау, Атбасар, Бурабай, Целиноград сияқты басқа да аудандарда ашылмақ,-деп хабарлайды Aqmola News.

 Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов мәлім етті.

Бүгінде өңірде мектепке дейінгі 611 тәрбие мекемесі бар. Оның 248-і балабақша болса, 363-і шағын орталық. Барлығы 1 мен 6 жас аралығындағы 35 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. Бұл дегеніміз мектепке дейінгі біліммен қамтудың 75 пайызын құрайды. Ал, облыстағы 3 пен 6 жас аралығындағы баланы бақшамен қамту 100 пайыз дейді білім басқармасындағылар.

Бұған дейін облыста  мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жетіспеушілігі белең алды. Бұл мәселені шешу мақсатында 2020 жылдың бекітілген жоспарында үш балабақшаның құрылысына 1191,6 миллион теңге бөлінді. Бүгінде Шортанды ауданы Төңкеріс ауылындағы 140 орындық балабақша құрылысы аяқталған. Оған 334,8 миллион теңге жұмсалған. Жыл аяғына дейін Целиноград ауданы  Қараөткел және Қосшы ауылдарында 280 орындық балабақша ашу жоспарланған.

 

Облыстың мектепке дейінгі мекемелері «Балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметіне қосылған.

Карантин мерзімінде 131 мектепке дейінгі мекеме мен 2 мини-орталық та 468 кезекші топ жұмыс істеуде. Мектепке дейінгі мекемелерге барлығы 5676 бала барып жүр.

Метепке дейінгі білім беру мекемелерінің жұмысын жаңарту жағдайға байланысты облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес орындалатын болады.

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img