spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Жыл басынан бері ғана Ақмола құтқарушылары 50-ден астам адамды құтқарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық құтқарушылар тек жыл басынан бері ғана оқыс оқиғалар мен апатты жағдайларды бастан кешірген 52 адамды құтқарды, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше ақмолалық құтқарушылар тек жыл басынан бері ғана 314 мәрте апаттан құтқару жұмыстарына аттанған. Нәтижесінде 52 адам құтқарылып, 178 адам эвакуацияланып, 23 адамға алғашқы дәрігерлік көмек жасалған.

«Көп жағдайда пәтерге үйдің шатырынан немесе басқа үйдің балконынан кіру мүмкін болмайды. Сондықтан апаттан құтқару жұмыстары үшін «HOLMATRO» құрылғылары, қарапайым құрал-саймандар мен альпинистік құралдар қолданылады. Тек мамыр айында ғана облыс құтқарушылары іште қалған балалар мен қарт адамдарды құтқару үшін 5 рет жабылып қалған есіктерді ашты. Үш адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, – деді Ақмола облысы төтенше жағдай департаментінің ӨС және АҚЖҚ бастығы Нұрлан Тасов.

Айта кетейік, жыл басынан құтқарушылар ата-анасының қарауынсыз үйде жалғыз қалған балаларды құтқару үшін 43 мәрте пәтерлердің есігін бұзып ашқан.

Мұнымен қоса жол-көлік оқиғаларына тап болғандарды құтқару үшін 4 рет жолға шықты. Нәтижесінде 27 адам аман-есен апаттан құтқарылды, оның 10ы- кәмелет жасына толмаған балалар. Зардап шеккен 13 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, – деді департаменттің баспасөз қызметінен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img