spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
7.9 C
Kokshetau

Ақкөлдік полицейлер «SMART CITY» бейнекамераларының көмегімен 300-ге жуық істің бетін ашты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл қаласында полицейлер бейне бақылау камераларының көмегімен әкімшілік және қылмыстық істерді ізін суытпай ашуда, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақкөл қаласында жаппай орнатылған «SMART CITY» оқиғалық орталық камералары қылмыстық ашуға мүмкіндік беруде.

Мәселен 24 мамырда полцияға хабарласқан 35 жастағы әйел оның үйінен белгісіз адамдардың «ВАЗ -21099» автокөлігін айдап кеткені жөнінде шағымданған. Аталған арыз түсе салысымен іске кіріскен тәртіп сақшылары бейнебақылау камерасының көмегімен осы ауылдың 25 жасар тұрғынын ұстады. Бұлтартпас дәлел болғандықтан күдікті барлық кінәсін толықтай мойнына алды. Зардап шегуші мен күдіктінің осыған дейін де таныс болып шықты. Зардап шегушінің үйінің қасынан өтіп бара жатқан жігіт көліктің ашық екенін көріп, көлікті мініп тайып тұрған. Көп ұзатпай полицейлер көлікті иесіне қайтарды, – деді полицияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік жыл басынан бері ақкөлдік тәртіп сақшылары «SMART CITY» оқиғалық бейнебақылау камераларының көмегімен 32 қылмыс пен 242 әкімшілік құқық бұзушылықтарды ашқан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img