spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.8 C
Kokshetau

Шортанды ауданында интернет байланысы толықтай жаңғыртылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Шортанды ауданында оптикалық интернет желісі жаңартылуда. Қазақтелеком акционерлік қоғамы аудан орталығы мен ауданның ауылды елдімекендерін интернет байланысының ең жедел әдісін қолданып жаңғырту үстінде, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Осы жылдың алғашқы тоқсанында-ақ Жолымбет-Шортанды учаскесінде талшықты-оптикалық кабель құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілген. Алдымен Новоселовка және Жолымбет кенті желіге қосылып, сондай-ақ ФАП, полиция бекеті, әкімдік және орта мектеп сияқты мемлекеттік мекемелерге жылдам интернет желісі тартылған. Мамырдың соңында қалған абоненттерді де ғаламторға қосу жоспарланыпты.

Ал 17 мамырдан бастап мердігерлер Пригородное-Шортанды учаскесінде интернет кабелдерін төсеу бойынша жұмысты бастаған. Жобаға сәйкес аталған учаске жылдың соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Кабель іске қосылғаннан кейін осы аудандағы Пригородное, Андреевка, Петровка, Раевка, Новокубанка сияқты ауылдарының мемлекеттік мекемелері ал кейін қалған абоненттер де жылдам интернет желісіне қосылатын болады, – деді Шортанды ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Аталған жұмыстар аяқталған соң Шортанды ауданы мыс және радио-желілік байланыс жүйесінен толықтай арылмақ. Бір атап өтер жайт аталған талшықты-оптикалық желілердің қызмет ету мерзімі 25 жылдан астам уақытқа жетпек. Келешекте талшықты-оптикалық желілерді пайдалану коммуникацияларды ауыстырмай-ақ жедел қызмет көрсететін белсенді жабдықтарды орнатудың арқасында жергілікті желілердің есептеу мүмкіндіктерін оңай ұлғайтуға септігін тигізеді деп күтілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Орындаусыз қалған келісімшарт: Департамент шешкен даулы жағдай

Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өңір тұрғынынан жиһаз тапсырысының сапасы мен орындалу мерзіміне қатысты шағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика