spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жарқайың ауданында шағын сүт зауыты іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жарқайың ауданы Тасөткел ауылында «Темірлан» серіктестігіне тиесілі шағын-сүт зауыты ашылды.  Зауыт тәулігіне сүт өнімдерінің 3 тоннасын өндіреді,-деп хабарлайды «Aqmola News».  

Жоба 2019 жылы әзірленген. Жалпы құны 330 миллион теңгені құрайды.

-Бүгінде аптасына 2 тонна сүт өңделіп, сүт өнімдерінің 5 түрін шығарамыз. Зауытта сары май, майлылығы 3/2 % сүт, 20 % қаймақ, айран, ірімшік, сүзбе ірімшік шығарылады. Бұл өнімдердердің барлығы Державин қаласы мен ауданның елдімекендеріндегі  дүкендерде сатылады. Біздің өнімдеріміз әркезде де сұранысқа ие,-дейді «Темірлан» ЖШС-нің директоры Ерлан Алин.

Құрылғы-жабдық Германияда жасалған. 2019 жылы орнатылған. Бүгінде зауытта сүт қабылдау цехі, суыту камерасы, зертхана, сүтті термиялық өңдеу цехі, дайын өнімді сақтайтын қойма мен пастерленген сүт құю цехі бар.

Серіктестік сүт өнімдерін айналымға шығару үшін 692 бас ірі-қара мал өсіріп отыр.

– 692 ірі-қараның 100 басқа жуығы сауынды сиыр болса, ал қалған малдан ет алынады. Бізде қазір ет бағытындағы 244 сиыр, 15 бұқа мен тайыншалар бар,-деп қосты Ерлан Алин.

Сауынды сиырлардан аптасына 5000 мың литр сүт алынады. Сиыр сууға 3 сауыншы, 2 сауын аппараты жұмыс істейді. Апта сайын 5 мың тонна сүттің 2 тоннасы шағын зауытта өңделеді, қалған 3 тоннасы литрі 115 теңгеден Есіл қаласына өнім өндіруге жіберіледі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img