spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
10.3 C
Kokshetau

Ақмолалық 300 аграрлық серіктестік 20 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көктемгі егіс науқанын өткізу мақсатында мемлекеттік бағдарламалармен «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамымен ұсынылған несиелер алып, шаруаларын жетілдіруде, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Көктемгі егіс науқаны кезінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тұқым, жанар-жағармай және қосалқы бөлшектер сияқты қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін мемлекет есебінен бірнеше жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Аграрлық серіктестіктер арасында «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамымен ұсынылатын «Кең дала»  бағдарламасымен берілетін несие үлкен сұранысқа ие. Тек сәуір айында ғана аталған бағдарлама бойынша өңірдің 300-ге тарта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 20 миллиард теңгеден астам қаражат берілді. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша несие беруде, – деді «Атамекен» ҰКП Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша аталған бағдарламаға қосымша көктемгі егіс науқанын жүзеге асыру үшін 100 миллиард теңге бөлінген. Ауылдағы диқан аталған несиені тек 6 пайыз өсіммен алмақ. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мұнымен қоса «Өсімдік шаруашылығын дамыту» бағыты шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан қаржылай қолдауға ие болған. Сондай-ақ, диқандардың ауыл шаруашылығы өнімдерін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» форвардтық сатып алу әдісімен «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігімен сатып алу әдісімен несие беру де жолға қойылыпты.

Несие алу үшін толық құжаттар пакетін әзірлеген серіктестіктер «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» акционерлік қоғамына өтінім беріп, ол бір күн ішінде-ақ қаралып үйлестіру кеңесінің бекітуіне беріледі. Ал  үйлестіру кеңесі тізім түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өңірдің несие берілетін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін бекітеді.  Азық-түлік келісімшарт корпорациясы үйлестіру кеңесінің шешімін алғаннан кейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен форвардтық сатып алу келісімшартын жасайды, – Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының маманы Жұлдызай Әубәкірова.

Бүгінде ақмолалық бірнеше ауыл шаруашылығы серіктестіктері көктемгі егіс науқанын аяқтаған.

Жалпы биыл Ақмола облысында форвардық сатып алуды қаржыландыруға республикалық бюджеттен 6,3 миллиард теңге бөлінген.

Майра Қуанышқызы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img