spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жолдар жаңартылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінгі таңда  өңірдің Көкшетау, Степногорск, Атбасар, Щучинск қалалары мен аудан орталықтары және сонымен қатар шалғай ауылдарында ішкі-сыртқы жол құрылысы жұмыстары басталды. Осыған байланысты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өңірдегі қалпына келтіріліп жатқан жолдар туралы мәлімет берді,- деп хабарлайды  «Aqmola News».

Жалпы Ақмола облысындағы автокөлік жолдарының ұзындығы 7886,5 шақырымды құрайды.

Облыстық басқарманың деректеріне сенсек автомобиль жолдарын жөндеуге жалпы көлемі 21,6 миллиард теңге бөлінген. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 14,7 миллиард, облыстық бюджеттен 6,9 миллиард теңге бөлінген.

Сонымен қатар аталған мемлекеттік бағдарлама аясында бірқатар елдімекендердің ішкі көшелерінде де жолдар жөнделіп, жол шеті абаттандырылып жатыр.

Атап айтқанда Атбасар қаласында  арнайы техникалардың күшімен жол құрылысшылары қарқынды жұмыс істеуде.

Осы күндері Уәлиханов, Островский және Қошанбаев көшелерінде жұмыстар басталып, көшелер тегістелуде. Қала ішіндегі 34 шақырым асфальт жабыны ауыстырып, тротуарларды абаттандыру жұмыстары тамыз айында аяқталмақ.

Бүгінде Степногорск қаласының да 5-ші және 7-ші шағынаудандарында ішкі жолдар күрделі жөндеуден өткізілуде. Оған 25 жұмысшы тартылып, 10 техника жұмылдырылған.  Алдағы уақытта қаладағы 2-ші және 3-ші шағынаудандағы жолдарды жаңарту көзделіп отыр.

Басқарма басшысы Әрсен Жанғасқановтың айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін Аршалы, Зеренді, Целиноград аудандарындағы әбден тозығы жеткен жолдарға орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жасалмақ. Ал өңірлерді дамытудың 2020 бағдарламасына сәйкес Аршалы, Астрахан, Ақкөл, Бұланды, Егіндікөл, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Зеренді Сандықтау және Біржан сал аудандарындағы жолдарды жөндеу жоспарланған.

Бурабай ауданындағы «Горный» шағын ауданында 800 орындық кірме жол салу, Астрахан ауданында Старый Колутон селосына кіретін жолды күрделі жөндеу қарастырылып отыр, – деді басқарма басшысы.

Бүгінде облыстық  және аудандық маңызға ие автокөлік жолдарына жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Биыл «Көкшетау – Рузаевка», Щучинск – Зеренді тас жолдарын орташа жөндеу жоспарланған.

Осы жылы алдағы Ресей мен Қазақстанның аймақ аралық ынтымақтастық жөніндегі форумының Көкшетау қаласында өткізілуіне байланысты облыс орталығын осы маңызды шараға әзірлеу қазірден бастап қолға алынып жатыр.

Үкіметтен қаланың жолдарын жөндеуге біршама қаражат бөлінді. Оған сәйкес Қопа көлінің жағасын абаттандыру, Васильков және Центральный ықшам аудандарындағы ішкі жолдарды, Сүлейменов көшесінен бастап Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына дейінгі жолдарды жөндеу кезең-кезеңімен іске асырылады,- дейді басқарма басшысы.

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img