spot_img
Жексенбі, Тамыз 24, 2025
21.2 C
Kokshetau

 «Адалдық сағаты» акциясының кезекті шығарылымы көрсетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін оқушылар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында телеарналардан Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Адалдық сағаты» тоқсан сайынғы республикалық акциясының тоқсан сайынғы саны ұсынылды, деп хабарлайды Aqmola News.

Бұл шараны өткізуге облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі де ат салысады.

Өңір оқушыларына  парасаттылық қағидаттарын насихаттауда, оның ішінде «Адалдық сағаты» акциясы шеңберінде дәріс өткізіп, тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Айта кету керек, төтенше жағдай жарияланғанға дейін бұл акция лекторлардың білім беру мекемелерінің оқушыларымен тікелей кездесуі арқылы өткізілген болатын.

Алайда, қазіргі таңда «Адалдық сағаты» онлайн форматында өтті.

«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» – қазақ ақыны мен ағартушысының шығармашылығына арналған тақырыптағы республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасы мен оның аумақтық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілімдер ұйымдастырылды.

Ақмола облысында «Көкше» облыстық телеарнасында да екі тілде онлайн-лекцияның көрсетілімі өтті.

Аталған акция аясында республика бойынша жоғарғы оқу орындары және колледждердің 1-курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары қамтылды.

Ақмола өңірінде акцияға 556 мектеп, 4 ЖОО және 34 колледж қатысты.

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика