spot_img
Дүйсенбі, Қараша 24, 2025
0.7 C
Kokshetau

Ақмолада коронавирус инфекциясын жұқтырған ана сау баланы өмірге әкелді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының туберкулезге қарсы динспансерінің жұқпалы аурулар стационарында коронавирус жұқтырған әйел сау баланы дүниеге әкелді, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Целиноград ауданы Қосшы ауылының жүкті тұрғыны облыстық туберкулезге қарсы диспансерге 13 мамырда түскен. Ал 16 мамырда Айғаным есімді нәресте жарық дүние есігін ашты. Жаңа туған сәбиге вирусқа жасалған екі бірдей талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен.

Жүкті әйел еш қиындықсыз босанды. Сәбидің анасы мен туған-туысқандарын, барлық медицина қызметкерлерін осынау тамаша әрі жағымды оқиғамен құттықтаймын, – деді Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Қасымжан Тәшметов.

Бүгін облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан жас босанған анаға гүл шоқтары табыс етілді. Егер бәрі ойдағыдай болса, 3-4 күнде вирус жұқтырған жас ана үйіне жіберіліп, нәресте мамандардың бақылауында қалмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақ  халқының дәстүрлі  киімдері

Қазақтың ұлттық киімі – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз ерте заманнан түрлі әсем киім үлгілерін жасап, киіп келген. Осы киімдердің эстетикалық,этно-мәдени,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика