spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмолада екі күн ішінде 14 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Соңғы екі тәулік аралығында Ақмола облысында вирус жұқтырғандардың күрт көтерілуіне байланысты өңірдің санитарлық қызметі жедел әрекет ету шараларын ұйымдастырды, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше демалыстың алғашқы күні 5 адамнан, бүгін тағы 9 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Целиноград ауданында өңірдің жедел тобының мүшелері және басқарма ұжымымен коронавирус инфекциясының ахуалын талқылау жөнінде жиын өткізілді. Қосшы ауылындағы жағдайды жедел шешу мақсатында күш ресурстары мен уақытты дұрыс басқару үшін үш топ тиісті әрекеттерді қамтамасыз етеді, – деді өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Жедел жиын барысында бірінші топ вирустың таралуының алдын алу және қауіпті тоқтату үшін блок-бекеттердің жұмысын тексеруге бағытталған. Ал екінші топ жұқтыру ошақтарын тексеру және тұрғындармен және кәсіпкерлермен одан әрі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, санитарлық-эпидемиологиялық тексерістер мен эпидемияға қарсы жедел шешім қабылдау үшін аттанған. Соңғы топ Нұр-Сұлтан қаласының карантин аймағында орналасқан Қоянды селосында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізбек.

Айта кетейік, соңғы 9 факт Ақмола облысындағы вирус жұқтыру көрсеткішінің тәуліктік өсуін 7,8 пайызға жеткізді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img