spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.5 C
Kokshetau

Ақмолада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Біржан сал ауданының Бірсуат ауылында «Баймырза Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық базасында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл осымен Ақмола облысындағы 29-ы өрт сөндіру бекеті болып отыр. Өрт сөндіру бекеті Бірсуат, Мамай елдімекендері мен Зауральск ауылдық округын сондай-ақ, осы аумақтағы орманды-далалы аймақты толықтай қамтамасыз етпек. Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментімен өрт сөндіру көлігі бөлінсе, аудан әкімдігі бөлген 5 миллион теңге қаражатқа Ерейментау ауданындағы «Қазақстан Инжиниринг «811» автожөндеу зауыты» АҚ базасында өрт сөндіру көлігіне күрделі жөндеу жасалған. Ал, «Баймырза Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратқа жөндеу жасап, шатырын ауыстырып, жаңа қақпа орнатып, жылыту жүйесін жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанатына Біржан сал ауданының әкімі Ермек Нұғыманов, Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов, «Қазақстан Инжиниринг «811» автожөндеу зауыты» АҚ өкілі мен «Баймырза Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қатысты.

Өрт сөндіру бекеті жылы гаражбен, телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ ауыл тұрғындарынан жасақталған жеке құрамдағы 4 адам тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікке тұрып, өрт сөндіру көлігімен дереу жөнелуге сақадай-сай. Жеке құрам Степняк қаласының өрт сөндіру бөлімі базасында арнайы оқу-жаттығулардан өткен. Жаңа құрылған команда өз жауапкершілігіндегі өрт тұтанған аймақтармен қатар басқа да төтенше жағдайларды жоюға атсалысып, елдімекен тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін болады. – деді Манарбек Шапағатов.

Айта кетейік, ауданда үш жылдың ішінде 4 өрт сөндіру бекеті ашылды. Ал бұл жолы игілікті істі «Баймырза Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне өз мойнына алып демеушілік жасады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика