spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола тарихындағы музейлердің орны ерекше

Сондай-ақ...оқыңыз

 Ақмола облысында тарих қойнауынан сыр шертетін 11 музей жұмыс істеуде. Көненің көзіндей, өткеннің өзіндей 100 мыңға жуық жәдігерлер осы музейлерде сақтаулы,-деп хабарлайды Aqmola News.

18 мамыр- халықаралық музей күні. Бұл дата 1977 жылдан бастап тойланады.

Осы мереке қарсаңында Өңірлік коммуникациялар алаңында музей қызметкерлерінің қатысуымен брифинг өтті.

Биыл облыстық тарихи өлкетану музейінің 100 жылдығы аясында бірқатар жобалар жүзеге асуда.

Бұл музейдің облыс аумағында 7 филиалы жұмыс істейді. Барлық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, экспозициясы заманауи тарихи процестермен жаңартылып отырады.

Облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры Қуаныш Шақшақов музей ұжымы 2020 жылға бірқатар жобаларды іске асыруды көздеп отырғанын айтады. Соның ішінде айтулысы Қорғалжын ауданында орналасқан қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның мовзелейіне зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Бүгінде бұл шаруаның 1-ші этабы аяқталған. Тиісті материалдар жинақталып, ғылыми-аналитикалық сараптама жасалған. Жаз мезгілінде толық аяқталса, тарихшылар мұражай қоржыны құнды деректермен толығатынын айтады.

Биыл «Музей ғасыры» жобасы қолға алынады. 100 жылдық мерейтойы қарсаңында мерейтойлық фотоальбом жасалып, көрмелер, дәрістер, дөңгелек үстелдер өтеді. Сондай-ақ, «Музей тарихы – біздің жадымыздың тарихы» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізуді жоспарлап отырмыз,-дейі Қуаныш Шақшақов.

Сонымен қатар өңір тариханда Мәлік Ғабдуллин музейінің де алар орны ерекше.

Былтырғы жылдың күзінде күрделі жөндеуден өткен музей жұмысты жаңа тыныспен бастады. 2020 жыл музей тарихында  Мәлік Батырдың 105 жылдығы мен осы музейдің 25 жылдық мерейтойлармен ерекшеленбек.

Осыған орай музей ұжымы республикалық «Тұлғалық музейлер» фестивалін өткізуді көздейді. Бұл шара батырдың туған күні 15 қарашада өтеді деп жоспарланған. Бұған еліміздегі тұлғалық музейлер қауымдастығының 60 музейі де қатыстырылмақ.

Сонымен қатар музей директоры Құдайберлі Мырзабек бұл айтулы мереке қарсаңында халықаралық конференция да ұйымдастырылады дейді.

  • Биыл жеңістің 75 жылдығы аясында біз Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ баласы», «Сын казаха» атты орысша-қазақша қолжазбасын кітап етіп шығарамыз. Кезінде түрлі себептермен жарыққа шықпай қалған батырдың ұрпаққа аманаты орындалмақ. Сонымен қатар «Мен халықтың ұлымын» атты батырдың әр кездегі жазып қалдырған естеліктері мен еңбектерін де кітап қылып шығару үшін дайындап қойдық.  Сондай ақ, музейдің 25 жылдығына арнап «Тағылымды жобалар, тәлімді бастамалар» атты жинақ шығармақпыз. Бұл кітапта музейдің 25 жылдағы атқарған жұмыстары мен музей кеңесінің мүшесі болған ғалымдардың еңбегі сияқты біраз материалдар топтастырылады. Кітаптар баспаға қатталып, беттеліп дайын тұр,- дейді  Құдайберлі Мырзабек.

  • Майра Қуанышқызы.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img